Қазақстанда өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 9,3% - ға төмендеді

Қазақстанда өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 9,3% - ға төмендеді
Сурет: 24.kz

Көп жағдайда кеншілер мен құрылысшылар зардап шегеді.

Осы жылдың алты айында жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 691 қызметкер зардап шегіп,оның 78-і қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.

«Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8% - ға өсті (өткен жылдың 6 айында 672 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 9,3% - ға төмендеді (2020 жылғы 6 айда өндірісте 86 адам қаза тапты)», –делінген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Мамандардың дерегі бойынша, өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (139 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (82 адам), Ақтөбе (56 адам), Павлодар (54 адам), Қостанай (49 адам), Түркістан (37 адам) облыстарында және Алматы қаласында (42 адам) сақталуда.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%) байқалады.