Қазақстанда жеті миллионнан аса адам вакцина алды

Қазақстанда жеті миллионнан аса адам вакцина алды
Cурет: Almaty.tv

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтар туралы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

17 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 259 649 адам алған. Ал екпенің екінші компонентін салдырғандар саны - 6 108 540.