Қазақстанда «жасыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ

Қазақстанда «жасыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ
Сурет: Almaty.tv

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы.

18 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ.