Қазақстанда жасы 90-нан асқан 1417 қария вакцина алған

Қазақстанда жасы 90-нан асқан 1417 қария вакцина алған
Сурет: 24.kz

Зейнет жасындағы ел тұрғындары қоғам денсаулығын сақтауға белсенді үлес қосып отыр.

24 тамыздағы мәлімет бойынша, 70-79 жас аралығындағы 135 938 қария І компонентпен қамтылса, олардың 106 932-сі толық вакцинация курсынан өтті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

80-89 жас аралығындағы 32 866 зейнеткер екпе салдырған. Ал 90 жастан асқан 1417 қария коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алған. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (264), Түркістан (250) облыстары мен Алматы қаласының (210) тұрғындары.