Қазақстанда V Жастардың спорттық ойындары өтуде

Қазақстанда V Жастардың спорттық ойындары өтуде
Сурет: Gov.kz.

Қазақстанда V Жастардың спорттық ойындары өтіп жатыр

Ағымдағы жылдың наурыз айында бастау алып, тамыз айына дейін жалғасып жатқан ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрі бойынша жарыстар енген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысып жатыр.

Бүгін 29 спорт түрі бойынша жарыстың нәтижелері шықты. Бірінші орында - Алматы қаласы (931 ұпай), 872 ұпаймен Алматы облысы екінші орынды еншіледі, ал 810 ұпайды иеленген Шымкент қаласы үштікті түйіндеді.

Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысқан.

Жарыстың жабылуы Теміртау қаласында 1 тамызға жоспарланып отыр.