Қазақстанда «уақытша неке» саны көбейіп жатыр

Қазақстанда «уақытша неке» саны көбейіп жатыр
Сурет: Literallydarling.com

Қанша жанның уақытша неке құрбаны болғанын ешкім дөп басып айта алмайды.  

Қазақстанда уақытша некеге тұрып, талақ айтып ажырасатындар көбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Дінтанушы мамандардың айтуынша, уақытша некеге көп жағдайда теріс ағымдардың жетегінде кеткендер барады. Олар белгілі бір мерзім өткен соң әйелді «талақ» етіп, тастап кетеді.   

««Никәх мутьа» дейді араб тілінен алған кезде. Ол дегеніміз екі жақтың, яғни ер мен әйелдің бір келісімшартқа келіп, уақытша неке қиюы. Мұнда неке уақытын шектеп қояды. Шариғатымыз бұған қарсы. Оның дұрыс еместігін айтады. Бірақ діндегі жат ағымдардың жетегінде жүрген бауырларымыз бен қарындастарымыздың арасында осы нәрсе белең алып отыр. Яғни бір ай немесе бір жыл көлемінде бірге тұрамыз деп некесін қидырады. Кейін уақыты өткен соң некенің мерзімі бітті деп талағын беріп, ажырасып жатады», – дейді облыстық ҚМДБ пәтуа бөлімінің жауапты маманы Бауыржан Мейірбекұлы.