Қазақстанда тұрғын үй құны төмендеген

Қазақстанда тұрғын үй құны төмендеген
Сурет: Azh.kz

Еліміздің ірі қалаларында баспана бағасы біршама төмендеген

Қазақстанда баспана құнының төмендеуі байқалып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.


«Бүгінгі таңда кезде бастапқы тұрғын үйге бағалар 3 пайыздан (биылғы қаңтар) 0,4 пайызға дейін (биылғы шілде), сондай-ақ қайталама тұрғын үйге 5 пайыздан (қаңтар) 1,1 пайызға дейін (шілде) төмендегені байқалды», - деді С. Жұманғарин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ескертуді орындау аясында «РАМС-Қазақстан» компаниялар тобы бағаларды Алматы қаласында бірқатар тұрғын үй кешенінен шаршы метр үшін 15%-ға немесе 90 мың теңгеге дейін, «BAZIS-A» компаниясы Алматы қаласында тұрғын үй кешендеріне шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, «BI Group» Нұр-Сұлтан қаласының 51 кешенде бастапқы тұрғын үйге орта есеппен 8 пайызға, Алматы қаласында - 11 %-ға, Шымкентте - 3 %-ға, Атырауда - 4 %-ға төмендетті.

«Басқа құрылыс салушылар да хабарламаларды орындап, бағаларды орта есеппен 15-20%-ға төмендетті. Бағалардың төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды, төмендеу серпіні – шаршы метрге 10 000-ден 125 000 теңгеге дейін», - деді агенттік басшысы.