Қазақстанда тұрғын үй құны күрт қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үй құны күрт қымбаттады
almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бері қайталама тұрғын үй құны 16%-ға өсті.

LS агенттігінің мәліметінше, биыл шілдеде көп қабатты тұрғын үйдің бір шаршы метрі 270,4 мың теңгеден сатылды. Бұл 2020 жылғы желтоқсандағы бағамен салыстырғанда 16%-ға артық. Жылдық өсім 24,9%-ды құрайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жаңа тұрғын үй бір айда 0,4%-ға, ал жыл басынан бері 9,7%-ға, бір шаршы метрі үшін 339,9 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Жалға берілетін тұрғын үйлердің бір шаршы метрі бір жыл ішінде 11,9%-ға, 1,8 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жаңа тұрғын үй бағасы жыл басынан бері 8% өскен.

Сонымен бірге Кrisha.kz порталының 10 тамыздағы деректері бойынша, Алматыдағы барлық тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 516,3 мың теңге, Нұр-Сұлтанда – 383,3 мың теңге, Шымкентте – 337,3 мың теңге болған.