Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
Сурет: Elcomercio.pe

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Бір аптадан кейін, яғни шілденің 21 күні, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2021 жылдың 21 шілдесінде таңғы сағат 03.00 мен 17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі»,– делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Мамандардың хабарлауынша, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.