Қазақстанда телефон коды өзгере ме?

Қазақстанда телефон коды өзгере ме?
Сурет: Kapital.kz

Еліміз +7 телефон кодын пайдалана бермек.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстан +7 телефон кодын пайдалана беретінін айтты, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы жазған Baribar.kz сайтының ақпаатына сәйкес, Асхат Оразбек жаңа телефон кодына көшу бойынша ресейлік тараппен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, нәтижесінде Қазақстан +7 кодын пайдалана беруі мүмкін екенін айтқан.

Оның айтуынша, телефон кодын өзгертуге өтініш беру Ресеймен арадағы келіссөз ерекшеліктеріне байланысты. Ресейлік тарап алты ай ішінде келісімді біржақты бұза алады.