Қазақстанда шөп шабу науқанына 43 мың тоннадан астам жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінеді

Қазақстанда шөп шабу науқанына 43 мың тоннадан астам жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінеді
Сурет:Akchabar.kg

Осы аптада өңірлерге ЖЖМ жеткізу кестесін бекіту жоспарлануда.

Жергілікті билік өкілдері алдағы уақытта фермерлерге 43,6 мың тонна жеңілдетілген  жанар-жағармайдың жеткізілуін қадағалайтын болады. Оларға мұндай тапсырманы Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

««Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін шөп тасымалдау үшін республиканың барлық аумағында уақытша жеңілдіктер ұсынды. Тасымалдау құны 77%-ға төмендетілді. Бұл шара батыс өңірлерге қосымша мал азығын жылдам жеткізуге мүмкіндік береді», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шағын және орта фермерлік шаруашылықтарда жем-шөп өндірісін ынталандыру мақсатында фермерлерге жем-шөп дайындау техникасы мен суарудың ұтқыр жүйелерін сатып алу үшін «Бәйтерек» холдингіне қосымша қаржыландырудың тетіктерін әзірлеу тапсырылды.

Өңірлердің әкімдіктеріне мал азығы бағасының қолжетімді болуын тұрақты бақылау және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және құрама жем кәсіпорындарымен жемді қолжетімді бағамен сату туралы меморандум жасасу тапсырылды.