Қазақстанда ревакцинация қашан болады?

Қазақстанда ревакцинация қашан болады?
Сурет: Іz.ru

Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Елімізде ревакцинация мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігінен басталады. Ревакцинациялауға жататын негізінен тәуекел топтары (медицина мамандары, педагогтар, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ қарулы күш құрылымдарының қызметкерлері). Сонымен қатар 60 жастан асқан және өздігінен зерттеуден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар жандар», - деп жазды Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, ревакцинация үшін вакцинаның 1 ғана дозасы пайдаланылады. Айта кетейік, кейбір вакциналар адам өмірінде бір рет қана жасалса жеткілікті, ал кейбір вакциналар белгілі бір уақыт өткенде күші қайтуы себепті қайта егіп тұру, яғни ревакциналау керек.