Қазақстанда ревакцинация бола ма?

Қазақстанда ревакцинация бола ма?
Сурет: Regnum.ru

Бұл сұраққа ҚР ДСМ басшысы жауап берді.

Министр Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан вакцинаны қайталап егудің мерзімін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.  

«Қазіргі кезде біз мерзімді пысықтап жатырмыз, себебі Қазақстанда вакциналау ақпан айынан бастап жүргізілді. Адамдардың басым бөлігі маусым-шілде кезеңінде екпе алды. Осы орайда олардың ағзасындағы антиденелер әлі де бар, оның деңгейі де жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан соң шамамен 9 айдан кейін күнтізбеге енгізіледі. Қазіргі кезде әріптестермен осы мәселені қарастырып отырмыз», - деді министр.