Қазақстанда Pfizer вакцинасына 8 айға уақытша тіркеу куәлігі берілді

Қазақстанда Pfizer вакцинасына 8 айға уақытша тіркеу куәлігі берілді
Сурет: Regnum.ru

Pfizer Қазақстанда уақытша тіркелді

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде уақытша тіркелген вакциналар тізіміне Pfizer-BioNTech Comirnaty «Комирнати» вакцинасын қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Комирнати» вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-анасының келісімі бойынша 12 жастан асқан балаларға екпе егу жоспарланғанын айтты.

Бұл ретте, департамент мәліметінше, вакциналау әлі басталмаған. Нақты уақыты кейінірек хабарланады.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда бірінші компонентті 6 669 969 адам, екінші компонентті 5 438 316 адам салғызған.