Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы артты

Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы артты
Сурет: Fainaidea.com

Ғаламтордың қарқындылығы күшейді

Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы 63% артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Жаһандық рейтингте небәрі бір жыл ішінде еліміз 21 сатыға жоғарылап, 80-ші орынға тұрақтаған. «Finprom.kz» порталының хабарлауынша, бүгінде интернет жылдамдығы жөнінен Қазақстан – Орталық Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Мәселен, Қырғызстан 103-ші, Өзбекстан 120-шы, ал Тәжікстан 129-шы орынды иеленген.

Ал осы көрсеткіш бойынша үздіктер қатарында БАӘ, Оңтүстік Корея, Норвегия, Катар және Қытай бар. Сарапшылар Қазақстанда 2025 жылы мобильді интернетті пайдаланушылар саны 54% артады деп болжап отыр.

Осы уақытқа дейін 3G қызметтері жалпы нарықтың 28% ғана қамтиды. Оны 4G мен 5G алмастыратын болады.