Қазақстанда көмір өндіру көлемі азайды

Қазақстанда көмір өндіру көлемі азайды
Сурет: Punjabkesari.com

Көмір құны да, жаз маусымына қарамастан, біртіндеп өсіп келеді.

Жылу беру маусымы басталмай жатып, Қазақстанда көмір бағасы өсіп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz cайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың алты айында көмір өндіру көрсеткіші 162,3 млрд теңгеден 171,6 теңгеге өскен. Бұл сала көрсеткішінің 3,9%-ға төмендегенін көрсетіп отыр.  

2020 жылы 336 млрд теңгеге көмір өндірілген, яғни 3,3 пайызға төмен.

Жалпы айтқанда, көмір өндірісі көптеген позиция бойынша азайды.

Өсім тек энергетикалық тас көмір саласында бар – 21,9%, яғни 6,8 млн тонна. Кокстелетін көмір өндірісі 17,9% азайып, 4,4 млн тонна болған. Жалпы, көмір өндірісі бір жылда 0,7%, яғни 50,1 млн тоннаға азайған.

Сонымен қатар қоңыр көмір өндірісі де 7,5%,яғни 2 млн тоннаға дейін азайған.

Көмір өндірісі азайғанымен, бағасы өсіп келеді. 2021 жылдың маусым айындағы қорытынды бойынша, тас көмір құны 0,1% өскен, бір жылда бұл баға 3,8% қымбаттаған.

Премьер-Министр Асқар Мамин бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне әкімдіктермен бірге көмір бағасын ерекше бақылауға алуды және жанармай бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін, әсіресе, тұрғындар үшін көмірді сатып алуды тапсырды, деп хабарлайды Хабар24.

Елімізде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің айырбастау комитетінің ахуалдық орталығы ашылды, ол муниципалдық көмірді сату кезінде делдалдардың санын азайтуға және тұрғындар үшін отынның осы түрінің түпкілікті құнын төмендетуге тиіс.

Өз кезегінде, Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департаменті коммуналдық көмір нарығында биржалық сауда-саттық бойынша аймақтық операторлардың өкілдерімен кездесу өткізіп, аймақтық операторларға тауар биржасынан көмірді уақытында сатып алуды ұсынды.