Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5 млн адам салдырды

Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5 млн адам салдырды
coronavirus-control.ru

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға қатысты 23 тамыздағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«23 тамыздағы мәлімет бойынша, 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (118 989 КВИ+ және 5 2021 жылғы 23 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 6 369 263 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 013 064 адам», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 840 844 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 680 997 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 715 599 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 534 014 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы - 644 292 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 510 862 адам екінші бөлігін қабылдаған.