Қазақстанда интернет алаяқтық екі есе артқан

Қазақстанда интернет алаяқтық екі есе артқан
24 kz

Мәжілістегі «Үкімет сағатында» Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев интернет алаяқтық екі есеге артқанын айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Интернет алаяқтық екі есе артты. Бұған цифрлық технологияның дамуы себеп. Кейбір қылмысқа қарсы нақты шаралар қолға алынды. Бұл қылмыстар көбіне шетелден жасалады, – деді министр.
Тұрғымбаевтың айтуынша, осы мәселе бойынша қазанда министрліктің бастамасымен ТМД Ішкі істер министрлерінің отырысында қаралған.
ІІО-ны реформалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 3 жылға арналған жол картасы қабылданды. Бірінші кезеңде ІІМ құрылымы оңтайландырылды. 106 басқару буыны және 1,5 мыңға жуық басшылық лауазым таратылды, – деп атап өтті ол.

ІІМ басшысының баяндауынша, штат саны негізінен бос лауазымдар есебінен 11%-ға қысқартылды. Ол шамамен 10,5 мыңды құрайды. Нәтижесінде, қазір 100 мың тұрғынға шаққандағы полиция қызметкерлерінің саны 372 құрайды. Бұл орташа еуропалық көрсеткіш.

Сонымен қатар есептілік екі есеге қысқартылды.

Полиция қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Негізгі өлшем азаматтардың қауіпсіздігі мен халықтың сенім деңгейі болып айқындалған. Ол үшін тәуелсіз институттар әлеуметтік зерттеулер жүргізеді, – деп айтты министр Мәжілісте.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/kazakstanda-internet-alayaktyk-eki-ese-artkan/