Қазақстанда бөлшек салық режимі енгізіледі

Қазақстанда бөлшек салық режимі енгізіледі
Сурет: Gov.kz

Салық режимінің негізгі міндеті – осы саланы қолдау, айналымдарды көлеңкеден шығару және осы саладағы еңбек қатынастарын заңдастыру.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2000 салық төлеушінің бөлшек салық режиміне көшуі туралы болжамға түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салық режимі енгізілді. Қызмет түрлерінің тізбесі ақпанда бекітілді. Сондай-ақ режимді қолдануға өтініш нысанын дайындау қажет болды.

Осыған байланысты режим наурыздан бастап қолданыла бастады.

Яғни, режим іс жүзінде тек 3 ай жұмыс істейді.

Осы кезеңде 334 салық төлеуші тіркелді. 2000-нан астам салық төлеушінің режимге көшуі жөніндегі болжам 2 жылға жасалды (2021-2022 жылдар).

Режимнің пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. Салық төлеушілер санының өсуі күтілуде.

Қоғамдық тамақтану саласындағы 115 субъектіге осы режим қолданылады.

6% мөлшеріндегі мөлшерлеме ҚҚС және әлеуметтік салық бойынша салық жүктемесі болмайтындықтан тартымды болады.

Режим айналымы ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асатын (30 мың АЕК – 87 млн.теңге) адамдар үшін тиімді. Режимге өткеннен кейін олар ҚҚС төлемейді. Салық шегерімдер мен түзетулерді қолданылмай, қарапайым тәсілмен есептеледі.

3% мөлшеріндегі қолданыстағы мөлшерлеме ҚҚС-ты алмастырады. Мөлшерлеме шағын бизнес субъектілерінің табысы салығынан үш жыл босатуды ескере отырып айқындалған. Мұндай мөлшерлеме олардың режимге өтуін тиімді етеді.

2023 жылы босату мерзімі аяқталады. Қолданыстағы мөлшерлемеге шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация режимінің 3% мөлшеріндегі салық мөлшерлемесі қосылды.

Қоғамдық тамақтандыру саласында салық төлеушілер санын арттыру бойынша есептер жүргізілген жоқ. Режимнің мақсаты бұл емес.

Біздің болжамымыз бойынша, 2023-2024 жылдары бизнес 18 млрд.теңге үнемдейді.