Қазақстанда бір жылдың ішінде дәрі-дәрмек өндірісі артты

Қазақстанда бір жылдың ішінде дәрі-дәрмек өндірісі артты
Сурет: Dailyhamdard.com

Өңім бағасы да  5%-ға өскен.

Өткен жылмен салыстырғанда, Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz cайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда 99,3 млрд  теңгеге негізгі фармацевтикалық өнім өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 62,6%-ға артық. Нақты өсім 31,1%-ды құрады.

Өндірістің ең үлкен көлемі Қарағанды ​​облысына тиесілі: 40,5 млрд теңге, бір жылда бұл көрсеткіш небары 9,8 млрд теңгені құраған болатын. Естеріңізге сала кетсек, дәл осы аймақта, Қарағанды ​​қаласында, Sputnik V вакцинасы шығарылады.

Фармацевтика өндірісінің үлкен көлемі дәстүрлі түрде Шымкентке (22,5 млрд.теңге), Алматы облысына (18 млрд.теңге) және Алматыға (13,4 млрд.теңге) тиді.

Анықтама үшін: тұтастай алғанда, 2020 жылы фармацевтикалық өндіріс көлемі бірден 47,3% -ға, 141,9 млрд теңгеге дейін өсті.

Дәрі-дәрмек құны бір жылдың ішінде 61,1%-ға өсті, бірінші жартыжылдықта  88,7 млрд теңгеге жетті; нақты өсім 53,5% құрады. Өзге де фармацевтикалық өнімдердің өндіріс құны 19,9%-ға  өсіп, 5 млрд теңгеге дейін жетті, нақты өсім 26,3% құрады.

Дәрі-дәрмектің импорты 2021 жылдың қаңтар-мамырында 9,7 мың тоннаны құрап, бір жыл ішінде 22,2%-ға төмендеді. Ақшалай алғанда, сектордағы импорт 431,9 млн АҚШ долларына жетті, бұл, керісінше, өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық.

Импорттың 42,1% ТМД елдеріне тиесілі: 4,1 мың тонна - бір жыл бұрынғыдан 37,5%-ға аз. ТМД елдерінің ішінде импорттың негізгі бөлігі Ресей, Украина және Беларуссиядан келеді.

Импорттың тағы 57,9% алыс шетелдермен қамтамасыз етілген: 391,4 млн АҚШ долларына 5,6 мың тонна, физикалық тұрғыдан алғанда жылына 5,3%. Бұл елдер арасында Қытай, Үндістан және Польша көш бастап тұр.

2021 жылдың маусым айының соңында дәрі-дәрмек құны 4,8%-ға өсті. Дәрі бәрінен бұрын Маңғыстау облысының тұрғындарына қымбатқа түсті, бұл өңірде бір жылда 18,6% қамбаттаған. Сонымен қатар, фармацевтикалық өнімдердің бағасы астанада (10,9%) және Ақмола облысында (10%) айтарлықтай қымбаттады.

Елімізде фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды zakon.kz. Жоспарды іске асыру нәтижесінде Қазақстанда өндірілетін дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесі 17%-дан 50%-ға дейін өсуі керек.