Қазақстанда бір күнде 150 отбасы ажырасады

Қазақстанда бір күнде 150 отбасы ажырасады
Сурет: Astana.zagranitsa.com

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбайдың айтуынша, неке санының қысқаруы және ажырасу фактілерінің өсуі жүйелі түрде тіркеліп отыр.

Ажырасудың көп бөлігі 30-34 жас аралығындағы жас отбасыларға тиесілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Депутат отбасылардың ажырасуын болдырмау үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар енгізуді ұсынды.

«Отбасы және ресми статистика туралы Ұлттық баяндаманың деректері бойынша 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде тіркелген некенің жалпы саны 709,6 мың, ал ажырасқан отбасылар – 274,5 мың болды. Яғни тіркелген некемен салыстырғанда ажырасулар саны 35%-тен 43%-ке дейін өсті. Демек, кейінгі 5 жылда күніне 389 неке тіркеліп, 150 отбасы ажырасқан», – деді мәжілісмен.

Ол 2019 жылдың қорытындысы бойынша 59 796 неке бұзылғанын, яғни бір күнде 164 отбасы ажырасқанын атап өтті.

«Сол жылы 120 мыңға жуық адам некені бұзды, олардың әрқайсысы екінші, яғни 60 мыңнан астамы (60 324 жас – 50,5%) – 18-35 жасқа дейінгі жастар. Ажырасудың көп бөлігі 30-34 жас аралығындағы жас отбасыларға тиесілі (23,3%)», - дейді депутат.