Елімізде Беларусь мәдениет күндері өтті

Елімізде Беларусь мәдениет күндері өтті
Сурет: Іnform.kz

Мәдениетте шекара жоқ

Қазақстанда Беларусь мәдени күндері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шара аясында елордада Беларусь киносының көрсетілімі болды. Шара шымылдығын «Диверсанттың тағдыры» атты фильм ашты. Жалпы, қазақстандық көрермен аталмыш елдің 13 кинотуындысын тамашалады. Ізгілік пен достыққа үндейтін картиналар кәсіби тұрғыда шебер түсірілген, - дейді ұйымдастырушылар.

Беларусь елінің мәдениет күндері дәстүрге айналды.

«Біз іс-шараларымызды Беларусь киносынан бастадық. Үш күн бойы көркем және анимациялық фильмдер ұсынылды. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы, партизандардың ерлігіне, соғыстан кейінгі қираған елдің экономикасын көтеруге қатысты туындылар бар.Бұл таңдауды дұрыс бағалап, қазақстандық көрермен Беларусь елінің мәдениетімен жақын таныса алды деп ойлаймын», - деді Қазақстандағы Беларусь елшісі Павел Утюпин.