Қазақстанда 5,5 млн адам екпе алды

Қазақстанда  5,5 млн адам екпе алды
almaty-akshamy.kz

Елімізде 5 584 190 адам екпенің I компонентін егілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


«2021 жылғы 5 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 5 584 190 адам, II компонентпен 4 148 969 адам ңоронавирус вакцинасын салдырды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, СҚО-да 154 мыңға жуық адам вакцинаның толық курсынан өтті.

7 тамызда елордада вакциналанғандар арасында бес iPhone 12 ойнатылады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы екпе алу жөнінен алдыңғы қатарда келеді.