Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық жиналды

Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық жиналды
Сурет: Inbusiness.kz

Астықтың орташа өнімділігі гектарына 8,7 ц құрап, 10,3 млн тонна астық бастырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы республика бойынша 11,8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы жылдың шілде-қазан айларына жоспарланған 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынының 221,1 мың тоннасы немесе 56% тиеп, жөнелтілді.

Энергетика министрлігі мұнай өңдейтін зауыттармен (МӨЗ) 156 теңге/литр (189,0 мың теңге/тонна) бағасын белгіледі. Операторлардың жеткізуін ескере отырып, өңірлерде орташа баға 177 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 11%-ға арзан (ЖҚС-198 теңге/литр).

Жалпы, егін жинау науқаны штаттық режимде өтуде. Ауа райы қолайлы болған жағдайда, егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде аяқтап, астық жинау бойынша болжамдар толық орындалады деп күтілуде.