Қазақстан әскерилері халықаралық жарыста жақсы нәтиже көрсетіп жатыр

Қазақстан әскерилері халықаралық жарыста жақсы нәтиже көрсетіп жатыр
Источник фото: Gov.kz

Олар ресейліктерден кейінгі екінші орынға тұрақтады. 

Қазақстандық әскерилер Ресейде өтіп жатқан жарысқа қатысып жатыр. Шара барысында олар жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатыр, деп хабарлады Almaty-akhamy.kz. 

«Қазақстан командасы Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өтіп жатқан «Эльбрус шеңбері» конкурсында бірінші кезеңнің екі арнайы тапсырмасын орындау нәтижесі бойынша екінші орынға тұрақтады. Ресей командасы көш бастап тұр»,— делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Алғашқы конкурстық сайыстар барысында қатысушылар жасанды тау бедеріне шабуыл жасап, таулы жерде бағдарлауды пысықтады. Бірінші кезең шеңберінде жауынгерлер тағы үш арнайы тапсырманы орындайтын болады.

Үш кезеңнен тұратын конкурстар барысында қатысушылар арнайы тапсырмаларды орындайды. Ең күрделісі екінші кезең болмақ. Онда әскери қызметшілер биік тау жағдайында марш жасайды. Ал үшінші кезеңде олар Эльбрус шыңын бағындырмақ. Оның биіктігі – 5 642 метр.

Жарысқа тоғыз елден келген командалар қатысады. Олар – Абхазия, Армения, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Өзбекстан және Оңтүстік Осетия. 

Халықаралық конкурста ел намысын Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан Таудағы даярлық орталығының әскери альпинистері қорғайды. Жарыс Кабардин-Балқардағы (РФ) «Терскол» таудағы полигонында өтуде.