Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатын сәтті бастады

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатын сәтті бастады
Cурет: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы Ирак командасынан 3:0 есебімен басым түсті

Бүгін Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Азия біріншілігі басталды. Бірінші жарыс күнін спортшылар командалық турнирден бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kzі-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан ерлер командасы Ирак, Иордания, Мальдив Республикасымен бір топта ойнайды. Ал қыздар командсы Бангладеш және Шри-Ланкамен кездеседі. Жарыстың негізгі бөлігіне жолдама алу үшін қазақстандықтар өз тобында бірінші орын алуы тиіс. Ал негізгі бөлімде Жапония, Корея, Гонконг, Сингапур, Үндістан, Иран және Тайпей командалары күтуде. 

Ерлер арасындағы сында Қазақстан командасы Иракты 3:0 есебімен ұтты. Бүгін олар топтағы екі ойынды да өткізеді. 

Айта кетелік, Азия чемпионатында Қазақстан намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ырысбек Артықметов, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Зауреш Ақашева, Анель Бахыт қорғап жатыр. 

Азия чемпионаты 5 қазанда мәресіне жетеді.