Қазақстан құрамасы футболдан Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы футболдан Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді
Cурет: Olympic.kz
Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық матч өткізеді
ФИФА жолдастық матчтар күнтізбесі бойынша Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметтеріне сәйкес, қос федерация келіссөздер жүргізіп, екеуара матч ұйымдастыруға ымыраласты.
Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:00-ге белгіленген.

Тәжікстан құрамасы ФИФА рейтингінде 118-ші орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, осы ойынға дейін ұлттық құрамамыз 13 қараша күні әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында Франция командасына қарсы ресми матч ойнайды.