Қазақстан «қызыл» аймақтан толығымен шықты

Қазақстан «қызыл» аймақтан толығымен шықты
Сурет: Gazeta.ru

Еліміздің бас қаласы мен бірқатар өңірлері «сары» аймақта тұр.

2021 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.