Қазақстан қауіпсіздік деңгейі бойынша 81 -ші орында

Қазақстан қауіпсіздік деңгейі бойынша 81 -ші орында
Сурет: 24.kz

Қауіпсіздік пен тергеу қызметінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға азайған.

Халықтың қорғалуы мен қауіпсіздігінің деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 167 -ден 81-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтинг соғыс, қақтығыстардың, терроризм мен қылмыстың азаматтардың қауіпсіздігіне қаншалықты тұрақсыздық келтіретіні және олардың әсері бойынша бағаланды. 

Рейтингте Швейцария, Норвегия мен Люксембург көш бастап тұр. Ең соңғы орынды Оңтүстік Судан алды.

ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасынан жоғары рейтингте Өзбекстан, Армения, Түркіменстан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова болды. Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей мен Украина елдерінің көрсеткіштері Қазақстаннан да нашар.