Қазақстан жуырда заманауи «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешендерін сатып алмақшы

Қазақстан жуырда заманауи «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешендерін сатып алмақшы
Сурет: Gov.kz.

Қазақстан жуырда заманауи «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешендерін сатып алмақшы

Бүгінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары басты назарда. 2019-2020 жылдары Қазақстан әскерінің қарулануына Ресейдің «Бук» зениттік-зымыран кешендері, Белоруссияның «Роса» радиолокациялық станциялары, сондай-ақ еліміздің әуе шептерін қорғауында тұрған отандық «Нұр» РЛС жеткізілді.

Жуырда заманауи «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешендерін жеткізу жоспарлануда. «Тор-М2К» кез-келген үлгідегі ұшақтар мен тікұшақтарды, соның ішінде «көрінбейтін» технологиямен жасалған тікұшақтарды ғана емес, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жоғары дәлдіктегі қаруды, соның ішінде радиолокацияға қарсы және қанатты зымырандарды, басқарылатын авиациялық бомбаларды анықтап, жоюға қабілетті.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) жеткізушімен шарттар жасасуда. Қорғаныс министрлігі аталған кешенді әзірлеген зауытта отандық ӘШҚҚ әскерлерінің мамандарын оқытуды жоспарлап отыр.