Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Еуразиялық Құрмет белгісімен марапатталды

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Еуразиялық Құрмет белгісімен марапатталды
Сурет: Kazembassy.ru

Ұлықбек Есдәулет алғашқы лауреаттардың бірі атанды.

Еуразиялық Құрмет белгісі биыл бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл - «Еуразия әлемі – XXI ғасыр» жаһандық еуразиялық жақындасудың мемлекетаралық форумы ұйымдастыру комитетінің ресми сыйлығы. Жоба Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігімен, Еуразиялық экономикалық комиссиямен, Мәскеу қалалық Думасымен бірлесіп жүзеге асады.