Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті

Қазақстан  «жасыл» аймаққа өтті
Сурет: Primeminister.kz

Еліміз COVID-19 таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті.

Бір аптада сырқаттанушылық деңгейі 30%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,84-ке дейін, инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі 24%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі 21%-ға дейін азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады. 

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. Бір апта ішінде сырқаттанушылық деңгейі 30%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,84-ке дейін, инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі 24%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі 21%-ға дейін төмендеді. «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы, «сары аймақта» – 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 10 өңір – «жасыл аймақта». 

Бүгінгі таңда 2,4 млн-ға жуық адам бірінші компонентті, 1,3 млн-ға жуық адам екінші компонентті алды. Үкімет басшысы әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігіне жазғы кезеңде, әсіресе, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында вакциналау қарқынын барынша арттыруды тапсырды. 
«Барлық деңгейдегі әкімдер вакциналау мәселелерін жеке бақылауға алуы тиіс», — деді Асқар Мамин.