Қазақстан вакциналардың қанша дозасын сатып алды?

Қазақстан вакциналардың қанша дозасын сатып алды?
almaty-akshamy.kz

Қазақстан вакциналардың қанша дозасын сатып алды? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Жалпы, біз вакцинаның бірнеше түріне келісімшартқа қол қойғанбыз. «Спутник V» бойынша 14 млн 280 мың доза, Hayat-Vax 1 млн доза, QazVac 2,97 млн доза, Sinovac 500 мың доза сатып алынды және 4 млн доза Sinofarm жеткізіледі деп күтіп отырмыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, биыл халықты иммунизациялау үшін вакцина сатып алуға 95,3 млрд теңге жұмсалды. Яғни 10 млн 890 мың адамға екпе жасау үшін осыншама қаржы шығындалып отыр. Сонымен қатар Алексей Цой алдағы уақытта вакцина бағасы төмендейтіндігін, келесі топтаманы біршама төмен бағамен сатып алатындығын баса айтты.