Қазақстан ТЖМ мамандары Беларусь Республикасында білім алды

Қазақстан ТЖМ мамандары Беларусь Республикасында білім алды
Сурет:Gov.kz.

Қазақстан ТЖМ мамандары Беларусияда білім алды

Қазақстан азаматтық қорғау органдарының 5 қызметкері Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетін бітірді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарына сілтеме жасап.

24 маусымда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетінің курсанттарын шығарып салу рәсіміне қатысты. Іс-шара Минск қаласында өтті.

Биыл Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетін Қазақстан азаматтық қорғау органдарының 5 қызметкері «ТЖ-ның алдын алу және оларды жою» мамандығы бойынша бітірді.

Іс-шара жоғары оқу орынның плацында Беларусь Төтенше жағдайлар министрі, ішкі қызмет генерал-майоры Вадим Синявскийдің басшылығымен өтті.

Жиынға ТЖ министрінің орынбасарлары, ТЖМ орталық аппараты мен аумақтық басқармалардың басшылары, шетел делегациясы өкілдері қатысты.

Іс-шара барасында оқу орын басшыларымен кездесу өткізілді. Шара барысында қазақстандық қызметкерлердің жоғары даярлығы атап өтілді. Қазақстандық мамандарға берілетін квотаны көбейту мәселесі де қозғалды.

Жыл сайын еліміздің азаматтарына Қазақстан мен Беларусь арасындағы үкіметаралық келісім негізінде Азаматтық қорғау университетіне оқуға жолдама беріледі.