Қазақстан тағы екі елдің вакциналау паспортына рұқсат етті

Қазақстан тағы екі елдің вакциналау паспортына рұқсат етті
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері вакцинала паспорттарын тану туралы жаңа қаулы шығарды


Қазақстан тағы екі елдің – Мальдив Республикасы мен Иорданияның вакцинация паспортын мойындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов вакциналау паспорттарын тану туралы жаңа қаулы шығарды.

Бұған дейін Қазақстан 15 елдің: Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстонияның вакциналау паспорттарын мойындаған болатын. Бұл тізімде тағы екі ел қосылды – Мальдив Республикасы және Иордания.