Қазақстан СІМ-де ұйымдастыру мәселелері бойынша аппараттық жиналыс өтті

Қазақстан СІМ-де ұйымдастыру мәселелері бойынша аппараттық жиналыс өтті
Сурет: Gov.kz

Аппараттық жиналыста ақпараттық-имидждік жұмысты ұйымдастыру қаралды

Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппараттық жиналысы өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Рауан Рақымбеков қатысты.

Ведомствоның құрылымдық бөлімшелері басшыларының кадрлық және ақпараттық-имидждік жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету туралы есептері тыңдалды.

Жиналыс қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыру саласындағы міндеттерді және Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау бойынша СІМ жұмысын одан әрі жетілдіру туралы тапсырмалар берілді.