Қазақстан – Сирия құрамасы кездеседі

Қазақстан – Сирия құрамасы кездеседі
Сурет: Рrosports.kz

Бүгін қызу бәсеке өтпек

29 қарашада баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші матчын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Дамаскте қазақстандықтар Сириямен кездеседі.

Бұл Қазақстан мен Сирияның төрт күндегі екінші матчы болады. 26 қарашада Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде Қазақстан 84:74 есебімен жеңіп, Иранмен бірге D тобында көш бастаған. 

Топтағы жағдайын жақсарту үшін қазақстандықтар Сирияны сырт алаңда да жеңу қажет, бұған қауқары жетеді. 

Сирия – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН, сондай-ақ Livebasketball.tv порталынан көруге болады.