Қазақстан Президенті: Тоқтар Әубәкіров тарихи ерлік жасады

Қазақстан Президенті: Тоқтар Әубәкіров тарихи ерлік жасады
Cурет: Inform.kz

Ғарыш саласындағы жетістіктеріміз ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді.

30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді», - деді Президент.