Қазақстан Президенті ТМД басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Қазақстан Президенті ТМД басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады
Сурет: Akorda.kz

2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады. ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды», - деп жазылған баспасөз хатшысының мәлімдемесінде.