Қазақстан Президенті Душанбеге барды

Қазақстан Президенті Душанбеге барды
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы іссапарға аттанды

Қазақстан Президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазған.

«Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», - деп атап өткен Берік Уәли.