Қазақстан Президенті бейнеүндеу жасайды

Қазақстан Президенті бейнеүндеу жасайды
Сурет: Gov.kz

Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды», -деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.