Қазақстан Парламентінің депутаттары каникулға кетті

Қазақстан Парламентінің депутаттары каникулға кетті
Сурет: Atameken.kz

1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

Маусымның 30 күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда жетінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz ҚазАқпарат cайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

 «Бүгін біз жетінші шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясын аяқтап отырмыз. Бұл сессияның жұмысы қасиетті Отанымыз - Қазақстанымыздың Тәуелсіздігіне 30 жыл толған мерейлі кезеңде басталды. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік әрбір отбасын, әрбір қазақстандықтың зор мақтанышы және баға жетпес байлығы болып саналады. Себебі дәл осы 30 жылдың ішінде біздің еліміз барлық салада зор табыстарға жетті. Бүгінде Қазақстанымыз бүкіл әлем мойындаған беделі жоғары, іргесі берік қуатты мемлекетке айналды», - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.