Қазақстан ормандарының цифрлы карталары жасалып жатыр

Қазақстан ормандарының цифрлы карталары жасалып жатыр
Сурет:Kap.kz

Қазақстанда 18,6 млн га орман алқабы бар.

Елімізде орманды заңсыз кесу фактілері ғарыштық мониторинг арқылы анықталып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлім етті.

«Экология министрлігіне қарасты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп еліміздегі орман карталары цифрландырылды. Өздеріңіз білетіндей, орман қоры мемлекеттің бақылауында және ол ғарыштық мониторинг арқылы жүзеге асырылады. Біздегі бар қазіргі деректер бойынша, Қазақстанда 18,6 млн га орман алқабы бар. Ғарыштық мониторинг арқылы орманды бақылап қана қоймай, өрт қаупінің алдын алуға да болады. Сондықтан да еліміздегі орман карталары цифрландырылды. Сондай-ақ, орманға қатысты екінші проблема - заңсыз ағаш кесу. Ендігі уақытта бұл құқықбұзушылықты да ғарыштық мониторинг арқылы қадағалауға мүмкіндік бар», - деді Баубек Оралмағамбетов.