«Қазақстан» - «Норвегия» матчы өтеді

«Қазақстан» - «Норвегия» матчы өтеді
Сурет: 24.kz

13 желтоқсанда Қазақстан жастар құрамасы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатында Данияның Хоршольм қаласында екінші кездесуін өткізеді.

Александр Истомин шәкірттерінің қарсыласы Норвегия құрамасы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қарсыласу ымырасыз болуға уәде береді, өйткені топ-дивизионға шығу үшін ұпай жоғалтуға болмайды. Қазақстандықтар сәтті өнер көрсетсе, әлемдік жастар хоккейінің элитасына көтерілу мүмкіндігін арттырады.

Insport телеарнасы өткізетін Қазақстан - Норвегия матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Кездесуді МЫНА жерден көре аласыз.