Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті

Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
Сурет: Рrimeminister.kz

Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70%-ға жуығы тиесілі.

Бүгін Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастығының III форумына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, су-энергетика салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, туризмдегі және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70%-ға жуығы тиесілі. 2021 жылдың 9 айында екіжақты тауар айналымы $2,9 млрд асты, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 28,5%-ға жоғары.

Осы жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне кіруі мүмкін. Өзара сауда көлемін 2022 жылы $5 млрд дейін және 5 жыл ішінде $10 млрд дейін жеткізу міндеті қойылды. Екі елдің шекарасында «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.