Қазақстан мен Швейцария су мәселелері бойынша келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Швейцария су мәселелері бойынша келіссөз жүргізді
Cурет: Inform.kz

Трансшекаралық суды пайдалану

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Алексей Волковтың Швейцарияның су мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі Ги Бонвинмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сыртқы саяси ведомство атап өткендей, тараптар Қазақстандағы су шаруашылығының қазіргі жағдайы, Орталық Азиядағы су саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы және халықаралық су күн тәртібіне қатысты мәселелерді талқылады.

Алексей Волков Орталық Азия елдерінің трансшекаралық суды пайдалану саласындағы қарым-қатынастарының дамуына ерекше назар аударды.
Ол су саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту ісіндегі Нұр-Сұлтанның белсенді ұстанымын, сондай-ақ осы бағыттағы қазақстандық басшылықтың күш-жігерін атап өтті.

Сонымен қатар, отандық дипломат өңірлік ынтымақтастықтың, соның ішінде су саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына Қазақстанда дамуға ресми көмектің ұлттық операторы болып табылатын жаңадан құрылған KazAID ұйымының рөлі мен әлеуетін атап өтті.