Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім дайындалуда

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім дайындалуда
Сурет:gov.kz

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім дайындалуда

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Құжат екі елдің үкіметтері арасындағы келісімге қол қою жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін дайындалды.

Жобаның мақсаты екі жақты әскери ынтымақтастықты орнату және дамыту үшін құқықтық негіз құру болып табылады. Құжатқа қол қою қорғаныс саясаты, әскери ғылым және білім, әскери медицина, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлық, әскери барлау және басқа да бағыттарда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілері интернет порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8752972.