Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі

Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі
avesta-news.kz

Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі. Бұл туралы Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты, деп хабарлайды Қalmaty-akshamy.kz

«Көміріміз, әсіресе, Шұбаркөл көмірі бәсекеге өте қабілетті. Одан фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі. Көмірдің аз жағылуына байланысты өндіріс көлемі қысқарған жағдайда көмір кеншілеріне не істеу керектігін ешкім айқан жоқ. Бізге көмір кеніштерінің төңірегіне инвесторлар келуі үшін еркін экономикалық аумақ құруға мүмкіндік беріңіздер», - деді ол елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі аясында ұйымдастырылған брифингте.

Оның атап өтуінше, аталған еркін экономикалық аймаққа келген инвесторларға салықтан және одан басқа да жеңілдіктер беру қажет.

«Олар 5-10 жыл бойы салықты мүлдем төлемей-ақ қойсын. Бірақ, олар көмірімізден біз қазір сатып алып отырған химиялық және фармацевтикалық өнімдерді шығара бастайды. Біз қосылған құны біршама өнімдерді саудалайтын боламыз», - деді Николай Радостовец.