Қазақстан коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде 105-орында тұр

Қазақстан коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде 105-орында тұр
indyturk.com

Қазақстан 222 елдің әлемдік рейтингісінде COVID-19-дың өлім көрсеткіші бойынша 101-орында тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Әлемде КВИ-дің 254 миллионнан астам жағдайы тіркелгді. Тәулігіне 340 мыңнан астам жағдай тіркеліп отыр. 5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы мәліметтеріне сенсек, соңғы екі аптада 54 елдің 36-сында сырқаттанудың өсуі байқалады», - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, кейінгі 14 күнде аурудың ең көп өсімі Венгрияда, Австрияда, Германияда Польшада байқалған.

«Ауру өсімі 14 елде, оның ішінде Израильде 48%, Молдовада 28%, Қырғызстанда 23%, Арменияда 22%, Ұлыбританияда 18%, Эстонияда 16% және Беларуссияда 3% төмендеді. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру көрсеткіші 23% төмендеді. 222 елдің әлемдік рейтингісінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша - 105-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша - 101-орында тұр», - дед министр.