Қазақстан командасы жарысты бастайды

Қазақстан командасы жарысты бастайды
Сурет: Olympic.kz

Жапонияның Китакюсю қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы бұрын да хабарлағанбыз.

Қазақстан командасы әлем чемпионатында жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлем біріншілігіне Қазақстан командасынан бес спортшы қатысады. Жекелеген снарядтарда әр командадан үш гимнастан бақ сынауға мүмкіндік беріледі. Еркін жаттығуда Милад Карими, Ілияс Азизов, Фарух Набиев сынға түседі.

Гимнастикалық ат снарядында Нариман Курбанов, Ілияс Азизов пен Милад Каримиге сенім артамыз. Шығыршық пен қол тіреп секіруден Карими және Набиев бақ сынайды. Қоссырықтағы жаттығуға Карими мен Набиевтен бөлек, Ильфрат Имарджанов қатысады.

Ал гимнастикалық кермедегі жаттығуда Карими, Набиев және Азизов ел намысын қорғайды.

Айта кетелік, көпсайыста әлем чемпионатының финалына 24 спортшы шығады. Ал жекелеген снарядтар бойынша ақтық сынға 8 спортшы жолдама алады.